Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Шотландияда ересектерге арналған балабақша ашылды

AstanaTV
22.08.2023ж. 13:53
689
Шотландияда ересектерге арналған балабақша ашылды

Шотландияда ересектерге арналған балабақша ашылды. Мұнда күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып, өзін қайтадан бала сезінгісі келетіндер келе алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұнда ерлер мен әйелдер дәл балабақшадағыдай күні бойы конструкторларды құрастырып, қолөнер жасайды, ертегілер тыңдайды. Одан бөлек құмда ойнап, жаңа адамдармен таныса алады.

Бұл балабақшаның негізі мақсаты үлкендер бір күнге өз мәселелерін ұмытып, қайтадан уайымсыз балалықты сезінуге мүмкіндік беру.

Айта кетейік, мекемені толыққанды балабақша деп атауға болмайды. Бұл ересек болудан шаршағандар үшін интерактивті ойын алаңы. Солейл есімді ұйымдастырушы 16 жастан асқан адамдарды күніне сегіз-он фунтқа балабақшада уақыт өткізуге қабылдайды.