$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Елімізде 1,5 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін

22.08.2023ж. 20:00
44151
Елімізде 1,5 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Елімізде қызметкерлердің орнын жасанды интеллект баспақ. Енді көлік жүргізетін, үй жөндейтін құрылысшы роботты көрсеңіз, таңқалмаңыз! Тіпті дәрігердің өзі жасанды болуы ғажап емес. Ол ол ма, жұрт әйелі мен күйеуін де өз қолдарынан жасай алады. Бұл қаншалықты ақылға қонымды? Аружан Задабек зерттеп көрді.
Елімізде бірқатар кәсіпорын мен мемлекеттік органдар жұмысты жасанды интеллектпен басқаруға көшпек. Енді еңбек нарығында біраз өзгеріс болғалы тұр. Жұмыссыздар саны артуы мүмкін. Мамандар, әсіресе, Алматы, Астана, Шымкент қаласының тұрғындары бұл жағдайға дайын болу керек – дейді. Халықтың өзі не дейді?

БЛИЦ-ОПРОС:
 – Жақында бүкіл адамзат жұмыссыз қалуы мүмкін. Осы пікірмен келісесіз бе? – Жоқ, ол роботты шығару үшін де адам керек шығар.
 – Жұмыссыз қалсақ не істейсіз? – Білмеймін енді, Алла өзі бір жеңілдігін берер.
- Алдағы 30 жылдықта Қазақстанда робот пайда болады дегенге сенбеймін.
 – Сіздің орныңызда робот сатушы болады десем сенесіз бе? – Біз жұмыссыз қаламыз ғой.
 – Ыңғайлы бола ма егер робот даяршы болса? - Жұмыссыз қалады ғой көбі.
– Мен қарсымын. Даяршы робот бола алмайды деп есептеймін.
Иә, халық алаңдап қалды. Жасанды интеллект алдымен көлік саласына енетінін ескеру керек. Демек, енді елдегі қоғамдық автобустар жүргізушісіз адам тасуы мүмкін. Жаңа нәрседен секем алатын жұрт бұл өзгеріске дайын ба?

БЛИЦ-ОПРОС:
 –Ондай автобусқа қорықпай мінесіз ба? – Қызым-ау, бізге ондай автобус келу қайда. Ол бір 100 жылда келетін шығар.
- Қазір технология дамып жатыр ғой. Мінуге болады.
– Қорықпайсыз ба? – Жоқ, қорықпаймын.
- Ондайға мінуге болмайтын шығар. Енді кім біледі?...
Жұмыстағы робот мейлі ғой. Ғалымдар енді үйде де робот жүреді – дейді. Шетелде өз теңін таппаған жандар жасандЫ адаммен бас қосып жатқан көрінеді. Бұл үрдістің Қазақстанға да келер күні алыс емес секілді.

БЛИЦ-ОПРОС:
- Алар ма едіңіз робот әйел? – Ойбай, Құдай сақтасын.
- Ол саған бала туып бере алмайды. Ол сенің сезімдеріңді, махаббатыңды түсінне алмайды ғой.
Соңғы кездері автоматтандыруға қатысты «қорқынышты» әңгімелерді жиі еститін болдық. Халық жаңа технологияның мүмкіндігіне қуанбай, керісінше, үрки қарайды.

Ғасыр ҚҰРАЛБАЙҰЛЫ, IT МАМАН:
Адамзат жаңа технологияға күмәнмен қарайды. Ол заңдылық. Қауіпсіз жағын бірінші ойлап, одан кейін технологиялық процесті ойлауымыз керек секілді.
Жасанды интеллектің артықшылығы мен мүмкіндігі көп екенін көріп-біліп отырмыз. Әлемде бірнеше чат-бот әзірленіп, қолданысқа енгізілгені де мәлім. Сол арқылы әлем халқы түрлі сұрақтарына дайын жауап алып отыр. Жақында қазақ тілінде де алғашқы жасанды интеллект пайда болды. Жобаны Медхат Әкімбек пен Отарбай Дәурен жасап шықты.

Медхат ӘКІМБЕК, ЖОБА АВТОРЫ:
Қолданысқа бергеннен кейін халық өзі қолданып кеткен болатын. Бұл барлық қолданушыларға өзіміздің осы аудиториядағы барлық қолданушыларға ұнады. Көбінен оңды жауап алдық.
Сандық технология жүйесі енгізілсе, бірінші кезекте, әкімшілік, мемлекеттік қызмет, медицина, тұрғын үй және көлік салаларында жұмыс істейтін адамдар қысқарады.

Дмитрий ШУМЕКОВ, ЕРДО БОЛЖАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жалпы алғанда, талдау нәтижелері бойынша ықтималдығы жоғары немесе орташа адамдар орындайтын функциялардың 29 % автоматтандырылуы мүмкін.
Жасанды интеллектінің қабілеті ерекше болғанымен, оны адамзатпен салыстыруға болмайды. Роботтардың пішінін, санасын қалыптастырған адам, ондағы ақпараттардың барлығын ойлап тауып, орнатқан да солар. Тірі жанға сезім мен түйсік тән. Сондықтан адамзат өркениетінің ең асқақ шыңы – жасанды интелект болса, оның иесі біз екеніміз даусыз.