Танымал әнші Ақерке Бүркітбай ұзату тойынан видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өнер иесі 2020 жылы 19 тамызда ұзатылған.
"Бүгін ұзатылып жаңа жанұялық өмірге қадам басқан күнім, ғұмырлы, бақытты отбасы болайық", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа жылы лебіздерін арнаған.
"Бақытты болыңыздар!!! Зейіннің ізінен бауырлары ере берсін!!! Тек жақсылық тілеймін отбасыңызға!!!", "Бақытты болыңдар!!! Бізге де өзің сияқты адал келін нәсіп етсін Алла Тағала!", "Бақытты болыңдар, айналайын! Керемет жұпсыңдар! Алла тіл мен көзден сақтасын", "Бақытың баянды болсын, Ақерке қызым! Әли екеуің ең бақытты жандар болып, өсіп-өніңдер!", "Бақытың баянды болсын, Ақерке қызым! Әли екеуің ең бақытты жандар болып, өсіп-өніңдер!", - дейді олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Әли Оқапов эксклюзив сұхбат беріп, ұлының есімін Зейін деп өзі қойғанын айтқан еді. Кейін Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай ұлдарының бесік тойынан отбасылық суреттер жариялаған болатын. Сондай-ақ, Әли Оқапов балалы болу қандай сезім екенін бөлісті.