Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

18 жастағы Аружан Сағандықова әлемдік рейтингіде бірден 87 орынға көтерілді

AstanaTV
22.08.2023ж. 23:23
26762
18 жастағы Аружан Сағандықова әлемдік рейтингіде бірден 87 орынға көтерілді

Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды.

Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр.

Ал 18 жастағы Аружан Сағандықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан. Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. Ал Жібек Құламбаева 178-орында тұр.