$539.55 €627.55 ₽6.7
×

Петропавлда көшеден бос табыт табылды

AstanaTV
23.08.2023ж. 11:32
Петропавлда көшеден бос табыт табылды

Петропавлдағы көшелердің бірінен бос табыт табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерге жасалған мониторинг кезінде Петропавлдың солтүстік бөлігіндегі аудандардың бірінде өлгендерді жерлеуге арналған арнайы жәшік табылғаны туралы ақпаратқа талдау жасалды", - деп хабарлады полиция.

Полицейлер бұл арнайы жәшікті "Qyzyljar qalalyq meshiti" мешітінің мәйітханасының қызметкерлері одан әрі кәдеге жарату үшін ғимараттан алып шыққанын анықтады.

"Қазіргі уақытта жәшік ғимаратқа әкелінді", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.