Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Минус бір бойдақ": актер Еркебұлан Тоқтардың той көйлегіндегі арумен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті

AstanaTV
23.08.2023ж. 12:23
606
"Минус бір бойдақ": актер Еркебұлан Тоқтардың той көйлегіндегі арумен түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде актер Еркебұлан Тоқтардың той көйлегіндегі бейтаныс арумен түскен видеосы тарады. Шоу-бизнестің сүр бойдағынан үмітті арулар видеоға жарыса пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан актердің белгісіз бойжеткенге қалыңдық көйлегін киюге көмектесіп, фатасын тағып бергенін байқауға болады. Бұл видеоны көрген желі қолданушылары Еркебұлан Тоқтарды үйленіп жатыр деп болжаған.

"Үйленеді екен деп, шошып кеттім", "Мен неменеге қызғанып отырмын", "Жүрегім тоқтап қала жаздады", "Біраз қыздардың жүрегі жараланды-ау", "Бақытты бол", "Минус бір бойдақ", "Келін әдемі екен. Бақытты болыңдар", - деп жазды желідегілер.

Кейін анықталғандай, бұл қалыңдық көйлегін сататын дүкеннің жарнамасы болып шықты. "Ақшаңды төлейін, мұндай жарнамаға түспеші", - деді желі қолданушылары.