Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде

AstanaTV
23.08.2023ж. 15:06
908
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн суытады деп күтілуде

Синопиктер алдағы үш күнге, яғни 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың болжауынша, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендеуі болжануда. Ал солтүстікте ауа температурасы түнгі уақытта +7...+12 градусқа дейін, күндіз +17...+22 градусқа дейін төмендейді.

Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.