Adv pic
$473.98 €504.03 ₽4.93
×

Әлихан Смайылов ЕҮК отырысына қатысу үшін Арменияға барды

AstanaTV
24.08.2023ж. 13:59
417
Әлихан Смайылов ЕҮК отырысына қатысу үшін Арменияға барды

 ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысына қатысу мақсатында Арменияның Цахкадзор қаласына барды.

ЕАЭО елдері Үкіметтерінің басшылары 2030 және 2045 жылдарға дейінгі интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытуды, сондай-ақ өзара сауданы арттыру, ішкі нарықтағы әкімшілік кедергілерді жою және басқа да бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Сонымен қатар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды аралық қорытындылау жоспарланып отыр.