Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Көшеде біреу ауырып құлап жатса көмек көрсетесіз бе?

24.08.2023ж. 20:00
996
Көшеде біреу ауырып құлап жатса көмек көрсетесіз бе?

Эпилепсия - әлемдегі ең көне аурулардың бірі. Бірақ, ол толық зерттелмеген. Бұл дертке шалдыққан науқастың бойында үнемі үрей болады. Себебі, кез-келген жерде, кез-келген жағдайда талып қалуы мүмкін. Ал, сіз көшеде біреу ауырып құлап қалса не істер едіңіз? Жедел жәрдем үлгермесі анық. Сіз қандай қадам жасар едіңіз? Дәрібек Бахытбек әлеуметтік эксперимент жасады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Көшеде келе жатып, құлап қалдыңыз делік. Денсаулыңығыз сыр берді, әрі қарай жүре алмай қалдыңыз. Айнала толған адам. Бірақ, сізге олар көмектесе ме? Көрейік.
- Ойбай не болды балам? Оу е бала.
- Парень, парень. Что случилось? Может скорый
- Ағай, ағай.

Естен танып, құлағаныма ешкім бей-жай қарамады. Айналада жақсы адам көп екеніне көзім жетті. Өтіп бара жатқанның бәрі жаныма жүгіріп келді. Шыр-пыр болған жұрт жедел жәрдем шақыруға асықты. Енді бірі жағдай сұрап, көмек көрсетті.

- Дұрыс па бәрі. Не болды?
- Иә иә дұрыс.
- Неге құлап қалдың?
- Білмеймін...
- Жүр мұнда барып отыр.
- Қайдан жүрсің? Не істеп жүрсің?
- Жәй жүргем ғой құлап қалдым.
- Давай быстро скорую вызовим.
- Хорошо, нормальный нормальный.
- Басым айналып кетті ғой кішкене.
- Анау көлеңкеге ма бір жерге нағысайшы.

Бұл жандардың қорқып қалғаны көрініп тұр. Сонан кейін мұның эксперимент екенін айттық.

- Жәй әлеуметтік эксперимент болатын.
- Оййй ....
- Сәлем жолдап қойыңыз.
- Сендер қызықсыңдар. Мен шошып кетті не болып қалды деп.
- Рақмет аға!
- Әлеуметтік эксперимент болатын.
- Шын деп ойладыңыз ба?
- Иә...
- Рақмет әлеуметтік эксперимент тұғын.
- ааа
- Шын деп ойладыңыз ба?
- Иә
- Сәлем жолдап қойыңыз. Әлеуметтік эксперимент.

Елімізде 70 мыңнан астам адам талма дертімен ауырады. Олар үшін ең қиыны - көшеде құлап қалмаймын ба деген үреймен өмір сүру. Жалғыз жүруге болмайды. Дәрігерлердің айтуынша, күніне шамамен 5-6 адам келеді. Оның дені- жасөспірімдер.


Жанагүл ОҢҒАРҚЫЗЫ, НЕВРОЛОГ ДӘРІГЕР:

Эпилепсияның негізінен алдын алу профилактикасы жоқ. Дегенмен оған алып келетін факторлар алкоголь, түнгі ұйқының бұзылуы, энергетикалық сусындар секілді факторлар болады. Соларды шектеу эпилепсияның алдын алу болып сақталады.

Біз бүгінгі экспериментті соны ескерту үшін жасадық. Және бір жағынан қала тұрғындарының адамгершілік, жанашырлық сезімдерін байқамақшы болдық. Өздеріңіз көргендей, ешкім бей-жай қарамады. Сұлқ құлаған жанды көрген адам көмек көрсетуге ұмтылды. Бірақ, мұны қайталауға болмайды. Біреудің үрейін ұшырасыз, ал жедел жәрдем шақырған адам айыппұл арқалайды.