Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Астанада 15 мың 800 студентке жатақханада орын жетіспейді

24.08.2023ж. 20:00
517
Астанада 15 мың 800 студентке жатақханада орын жетіспейді

Астанада 15 мың 800 студентке жатақханада орын жетіспейді. Биыл 12 мың білім алушыныны баспанамен қамтитын 6 жатақхананың құрылысы басталмақ. Бұл туралы Астана қалалық маслихатының төрағасы Ерлан Каналимов айтты. Нысанның құрылысы 1 жарым жылда аяқталады деп жоспарлануда. Қалалық маслихат депутаттары "AMANAT" партиясы "Жастар рухы" жастар қанатының мүшелерімен жатақханалардың жай-күйін тексерді.

Ерлан КАНАЛИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ:

Қаладағы бүкіл колледждер мен жоғарғы оқу орындарының жатақханаларын осы бір аптаның ішінде толыққанды қарап шығамыз. Нәтижесінде біз талдау жүргізіп, қай жатақханаға жөндеу жұмыстары керек, қай жатақханаға басқа да жабдықтар керек қосымша, соның бәрін талдау жасап, жоғарғы оқу орындарының басшылығына жіберетін боламыз.

Арыстанбек МАҒЗУМ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЕЛОРДАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жұмыс барысында қандай да бір кемшіліктер болады. Барлығы қуанарлықтай емес деп толықтай айта аламын. Қандай да бір кемшіліктер болса, 1 айдан кейін шамамен қайтадан мониторинг жүргізетін боламыз.