Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«AMANAT» партиясының мүшелері алматылық жастармен кездесу барысында лудомания мәселесін талқылады

24.08.2023ж. 20:00
900
«AMANAT» партиясының мүшелері алматылық жастармен кездесу барысында лудомания мәселесін талқылады

Лудомания-дәл қазір өршіп тұрған қоғам дерті. Осы жылдың 4 айының қортындысы бойынша ойынқұмарлар букмекерлік кеңселерге 100 миллиардқа жуық ақша салған. Өзекті мәселені реттеу үшін заң жобасы әзірленді. Халықты еліктіретін жарқын жарнаманың көптігі- букмекерлермен күрестегі басты мәселе дейді депутаттар. Статистикаға сүйенсек елдегі әрбір 5-ші адам, құмар ойындарға тәуелді. Бүгін «AMANAT» партиясының мүшелері лудомания мәселесінің өршуі және оған қарсы жаңа заң жобасының тетіктерін Алматы жастарымен талқылады.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңда бұл онлайн букмекерлік кеңселердің жарнамасы өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Біз арнайы заң жобасын даярлаған болатынбыз. Сол заң жобасын биыл осы 8-ші шақырылымның 2-ші сессиясында қабылдауды жөн көріп отырмыз. Бұл жерде букмекерлік кеңселердің жарнамасына тыйым салу, барлық жерлерде. Екінші, лотоматик секілді азаматтардың офлайн ойнауға мүмкіндігі бар лоттерялардың жұмысын реттеу. Үшінші, қарызы бар азаматтардың толығымен қарызы өтелгенше толық шектеу қою мәселесі.

Депутаттар сондай-ақ, онлайн казиноларды жарнамалайтын ұйым және азаматтарға қатысты қылмыстық, әкімшілік кодекстерге де өзгертулер енгізу жоспарда бар екенін айтты.

Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Лудомания деген - ауру, әлеуметтік ауру. Ауру болғаннан кейін бұны біз тоқтатуымыз керекпіз, өкінішке орай, мына идеологиялық-ақпараттық тұрғыда біз жеңіліп отырмыз. Тиісті қолданып отырған шарамыз жеткіліксіз. Тикток, инстаграм әлеуметтік желісін қарасаңыздар лудомандарға қарсы бір әлеуметтік роликтер аз. Мына контенттің өзін реттеу біздің қолымызда. Жүздеген адам оны көреді де, артынан ереді де каспимен ақшаларын құйып отырады. Бұл -деген әрбір отбасының зары.