БҚО полицейлері Ауғанстан Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.
ІІМ мәліметінше, 24 тымыз күні «Учаске» жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.
«Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
Ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатын болады», - деп жазды ведомстводан.