Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Қайрат" Португалиядағы турнирде "Бенфиканы" да айқын ұтты

AstanaTV
25.08.2023ж. 11:37
547
"Қайрат" Португалиядағы турнирде "Бенфиканы" да айқын ұтты

Алматының "Қайрат" футзал клубы Португалияда өтіп жатқан "International Masters Cup" турнирінде Лиссабонның "Бенфика" командасын ұтты. Ойында қазақстандық клуб 5:2 есебімен айқын жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Қайрат" командасы сапында Кайо Руис пен Алекс Виана дубль жасаса, бір голды Денер Родриге өз еншісіне жазды. 

"Бенфика" Еуропадағы танымал футзал клубтарының бірі. 2009/2010 жылғы маусымда УЕФА кубогын (қазіргі футзалдың Чемпиондар лигасы) жеңіп алған. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" турнирдегі бірінші ойынында Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы "Спортингтен" айласын асырған болатын. Келесі ойынын 26 тамыз күні тағы бір португалдық команда "Брагаға" қарсы өткізеді.