Бүгін
елордада Қазақстанның халық жазушысы, Халықаралық «Алаш», Республикалық
«Махамбет» сыйлықтарының лауреаты, ақын Серік Тұрғынбекұлының шығармашылық кеші
өтті. Халықтың сүйікті авторына айналған азаматты 70 жылдық мерейтойымен
құттықтауға қатарлас қаламдастары мен оқырманы тегіс жиналды. Кеште шайырдың
жырлары оқылды.
Халықтың
ыстық ілтипатына бөленген кеш иесі де сахнаға шығып өлеңдерін оқыды. Сонымен
қатар, арнайы құттықтауларды қабылдап, шығармашылығына негізделген көріністерді
тамашалап, бір жасап қалды. Мұндай шаралар ақынды арқаландырып, әлі де аттан
түспей еңбек етуге жігерлендіреді, - дейді Серік Тұрғынбекұлы.
Серік
Тұрғынбекұлы, ақын, драматург:
Менің
сөзіме жазылған әндерім, менің жырларым - барлығы бір бірімен жұптасқан кезде үлкен бір әдемі әлемге айналды. Оның сыртында драматургиялық шығармаларымнан
үзінділер қойылып жатыр. Осының барлығын ойлаған кезде, 70-ке жай келмеген
екенмін. Әрі қарай бұдан да мықты, бұдан да күшті қайрат алып, мүмкіндік алып,
үлкен шығармалар жазуға жол ашады.