Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Тарихи сәт": Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіс голын соқты

AstanaTV
25.08.2023ж. 14:08
1205
"Тарихи сәт": Бактиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, жеңіс голын соқты

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Түркияның "Бешикташ" командасы сапындағы алғашқы ойынын өткізіп, бірінші голын соқты, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

Агенттік жазуынша, бұл тарихи сәт түркиялық клубтың Конференция лигасы плей-офф сатысында Украинаның "Динамо Киев" клубына қарсы кездесуде тіркелген. Қазақстандық футболшы екінші кезеңнің 46-минутында командаласы Артур Масуакуды алмастырған. Конго Демократиялық Республикасының футболшысы бірінші кезеңде алған жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмаған. Кездесудің 95-минутында Бактиер Зайнутдинов қарсылас команда қақпасын дәл көздеп, жеңіс голын соққан. Осылайша, кездесу 3:2 есебімен "Бешикташтың" жеңісімен аяқталған. Қарымта кездесу 31 тамызда болады. Айта кетсек, Бактиер Зайнутдинов стамбұлдық клубпен осы жылдың 18 тамызында келісімшартқа қол қойды. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін жаңа команданың құрамында өнер көрсетеді.