Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Жамбыл облысында 266 бастауыш партия ұйымына біріккен 53 мыңнан аса партия мүшесі бар

25.08.2023ж. 20:00
586
Жамбыл облысында 266 бастауыш партия ұйымына біріккен  53 мыңнан аса партия мүшесі бар

«АМАNАТ» партиясы Жамбыл облыстық филиалының да есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аймақта 266 бастауыш партия ұйымына біріккен 53 мыңнан аса партия мүшесі бар. Солардың атынан 200 делегат қатысты. Жиында облыстық филиал төрағасы Саяси кеңестің соңғы екі жылда атқарған жұмыстары туралы баяндады. Сонымен қатар 2027 жылға дейінгі «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына тоқталып, оны жүзеге асыру аясында облыстық Жол картасы қабылданғанын жеткізді. Есептік кезеңде алыс аудандарда 64 мобильдік қоғамдық қабылдау өтіп, 891 азаматтың мәселесі қаралған. Партия үкіметпен бірлесіп "Ауыл аманаты" жобасын да сәтті іске асыруда. Әулие ата өңіріне 20 млрд теңгеден астам ақша бөлініп, 2 мыңнан астам жоба қаржыландарылды. Конференция барысында Саяси кеңес қатары 50 пайызға жаңарды, оның 20 пайызы-жастар,қалғаны- әйелдер. Партия хатшысы алда тұрған басым міндеттерді атап айтып, олардың сапалы орындалуын ескертті.

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Халықтың шынайы сенімін ақтаймыз десек жасандылық пен көзбояушылықтан кететін уақыт. Ең бастысы, елмен бірге өзгерістерге дайын екенді дәлелдеуіміз керек. Біздің депутаттар жақсы түсіну керек. Халық сайлады, 5 жылға өттім, значок қалтада деп жүретін заман емес. Ары қарай жұмыс жасалмайтын болса қайтадан мандатты кері қайтарып алу функциясы бар екенін естеріңізге саламыз.