Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылжардағы әйелдер колониясында жазасын өтеушілер білім күні қарсаңында балаларымен кездесті

25.08.2023ж. 20:00
512
Қызылжардағы әйелдер колониясында жазасын өтеушілер білім күні қарсаңында балаларымен кездесті

Қызылжардағы әйелдер колониясында жазасын өтеушілер білім күні қарсаңында балаларымен кездесуге мүмкіндік алды. Бауыр ет баласын құшағына қысып, жақындарымен кездесіп, марқайып қалды. Әйелдер колониясында бүгінде 200-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Мекеме басшысының айтуынша, оның 98 проценті жұмыспен қамтылған. Яғни, әйелдер ақша тауып, өз борышын өтеуге құқылы.Алаяқтық үшін түрмеге тоғытылған Анна Мелихова бүгін қос баласын көрді. Кіші қызы биыл мектеп табалдарығын алғаш аттағалы отыр.

Анна МЕЛИХОВА, ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІ:

Үлкен ұлым жетінші сыныпта.Сабақты беске оқиды. Енді кішкентай қызымның білімге деген құштарлығын оятқым келеді. Мемлекетке осындай мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс білдіреміз.