Adv pic
$474.47 €503.51 ₽4.88
×

Атырау облысында көлік сиырды қағып кетіп, жүргізуші қаза тапты

AstanaTV
25.08.2023ж. 15:27
798
Атырау облысында көлік сиырды қағып кетіп, жүргізуші қаза тапты

Атырау облысында көлік сиырға соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz сілтеме жасап.

24 тамызда сағат 22:10 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 430-шақырымы тұсында Toyota Camry автокөлігі жол бойын қиып өтіп бара жатқан сиырды қағып, соққы екпінімен Mercedes жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында алған дене жарақаты салдарынан қаза тауып, екі жолаушысы түрлі дене жарақатын алды.