Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Балалардың басы салбырап тұрды": Ақтауда аттракцион тоқтап қалды

AstanaTV
25.08.2023ж. 17:17
927
"Балалардың басы салбырап тұрды": Ақтауда аттракцион тоқтап қалды

Ақтауда аттракцион тоқтап қалып, балалар төбеде төңкеріліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға туралы ата-аналардың бірі – Бақтияр Әубәкіров айтты. Оқиға кеше Tetysblu ойын-сауық саябағында болған. Оның айтуынша, аттракционда бірнеше бала болған.

"Ұлым мен басқа балалар аттракционға отырды. Аттракцион оларды айналдырып, дұрыс қалыпта тоқтады. Бірақ операторлар балаларды орындарынан босататын құлыпты аша алмады. Сосын балалардың өмірін қатерге тігіп, аттракционды екінші рет іске қосты. Одан кейін аттракцион ауада ілініп тұрды", – деді баланың әкесі.