Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жетісу тұрғындары алаяқтың құрбаны болды

AstanaTV
25.08.2023ж. 20:11
954
Жетісу тұрғындары алаяқтың құрбаны болды

Жетісу облысында алаяқтар 602 тұрғынды алдап, жалпы соммасы 320 миллион теңгеден астам шығынға ұшыратты. Аляқтардың құрығына ілінгендер арасында зейнеткерлер де бар, деп жазады Stan.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жыл басынан бері Жетісу облысының 602 тұрғыны алаяқтардың құрбаны болған. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген фактілер саны 9,5% өсті, оның 140-ы – интернет-алаяқтық. Тәртіп сақшылары алаяқтықпен айналысқан 209 адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

“Жүргізілген талдауға сәйкес, алаяқтардың ең осал санаты – зейнет жасындағы адамдар. Телефон байланысын пайдаланатын алаяқтардың айла-тәсілдеріне көбінесе егде жастағы адамдар алданып жатады. Соңғы бірнеше айдың ішінде алаяқтардың әрекетінен 81 зейнеткер зардап шекті. Фактілердің басым бөлігі Талдықорғанда тіркелген”, – деп хабарлады Жетісу облысының ПД КПБ.

Алаяқтықтыққа қатысты қылмыстарды ашу – көп уақытты қажет ететін және күрделі процесс. Өйткені қылмыскер айлакерлігінің арқасында күн сайын заңсыз баю, жеңіл табысқа оңай кенелудің жаңа әдістерін ойлап тауып жатыр. Осыған байланысты алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы – олардың алдын алу.

“Тұрғындар арасында тұрақты негізде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, жүргізушілер арасында буклеттер мен брошюраларды таратамыз, жай ғана өтіп бара жатқандар арасында алаяқтардың айла-амалына түсіп қалмау керектігі туралы ескертеміз. Сондай-ақ әртүрлі коммуналдық және пошталық түбіртектердің артқы жағына ескерту мәтіндерін жапсырамыз. Ескі әдістерді қолдану қарт адамдарға тиімдірек”, – деп толықтырды облыстық ПД КПБ.