$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында Астанада жәрмеңке-көрме өтеді

AstanaTV
26.08.2023ж. 10:52
2239
Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндері аясында Астанада жәрмеңке-көрме өтеді

26-29 тамыз күндері Тәжікстанның мәдениет күндерін атап өту аясында Қазақстанда EXPO халықаралық көрме кешенінің алаңында ауқымды жәрмеңке-көрме өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдері, көкөніс өнімдері және дәстүрлі бақша дақылдары, бал, тәттілер, сусындар (шырындар мен алкогольдік сусындар), қолөнер бұйымдары, табиғи материалдан жасалған кәдесыйлар, киіз, тоқыма, тоқылған бұйымдар, сәндік бұйымдар, пышақтар, әлемге әйгілі тәжік атласы және тағы басқалар ұсынылады.

Жәрмеңкеде қыш, темір ұстасы, ағаш өңдеу, көркем кескіндеме, тоқу және т.б. сияқты халық бұйымдарын жасау барысы көрсетіледі.