$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтаудағы борлы тауға қашап жазу жазған адамның кім екені белгілі болды

AstanaTV
27.08.2023ж. 20:44
2125
Ақтаудағы борлы тауға қашап жазу жазған адамның кім екені белгілі болды

Ақтөбе облысы мәдениет басқармасы Маңғыстаудағы жартасқа қашап жазу жазған адамның қалалық зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры екенін растады.

Мәдениет басқармасының басшысы Алтынай Жүнісова даулы оқиға белгілі болса салысымен, директормен байланысқандарын жеткізді. Ол қолына балғаны алуға мәжбүр болғанын айтқан.

«Ол видеоны көрдік. Расында ол - Ақтөбе қаласының зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры. Бүгін мен онымен арнайы байланысқа шығып, сөйлестім. Оған «аймақтың мәдени орнын бүлдіріп жатырсыз ғой» деп айттым. Өз кезінде ол жартаста дөрекі сөз жазылып тұрғанын, сондықтан оны басқаша түзеуге тырысқанын жеткізді. Алайда бұл арада видеоның басы жоқ», - деді Жүнісова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мәдениет үйінің директоры Ақтауда демалыста жүр.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Ақтаудың киелі мекені - борлы таудағы жартасқа біреудің қашап жазу жазып жатқан сәті түсірілген видео жарияланған еді.