Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Президент Телерадиокешені Silk Way Cinema атты халықаралық телеарна ашады

AstanaTV
28.08.2023ж. 11:10
921
Президент Телерадиокешені Silk Way Cinema атты халықаралық телеарна ашады

1 қыркүйектен бастап жаңа Silk Way Cinema халықаралық телеарнасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығармақ.

Сонымен бірге, Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі.

«Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл-күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр», - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында.

Айта кетейік, ҚР Президенті Телерадиокешені Қазақстанның ірі медиа-компаниясы саналады. Оның құрамына республикалық Jibek Joly телеарнасы, халықаралық Silk Way телеарнасы, «ҚазАқпарат» ХАА және Деректі кино орталығы кіреді.

«Jibek Joly» алғашқы ұлттық спутниктік телеарнасы 2022 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылды. Телеарна HotBird 13B, Galaxy 19, Yamal 401 90° (FSU), Türksat 3A, KazSat 3 (Қазақстан) және MEASAT 3A спутниктері арқылы жаңа «Silk Way» брендімен әлемнің 118 елінің көрермендері үшін 5 тілдік нұсқада – қазақ, орыс, ағылшын, өзбек, қырғыз тілдерінде қолжетімді. «Jibek Joly» ұлттық телеарнасының және оның «Silk Way» спутниктік нұсқасының жиынтық аудиториясы бүкіл әлем бойынша 300 миллионнан астам көрерменді құрайды.