Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкентте ірі бұршақ жауды

AstanaTV
28.08.2023ж. 08:39
1715
Шымкентте ірі бұршақ жауды

Шымкентте ірі бұршақ жауды. Тұрғындар бұл сәттің видеосын әлеуметтік желіде бөлісуде.

Otyrar.kz басылымының жазуынша, кеше кешкісін қалада ауа райы күрт бұзылып, ауа температурасы +24 градустан +14 градусқа дейін төмендеп кеткен.

Қатты жел күшейіп, бұршақ аралас жаңбыр жауып тұрғындарды әбігерге салған. 

Бұршақтың көлемі моншақтың үлкендігіндей болады. Бұршақтан қорғанған қала тұрғындары ғимараттар мен аялдамаларды паналаған. Тіпті, көлігімен жүрген көпшілік май құю бекеттерінде бұршақтан қорғанып тұруға мәжбүр болған.

Ірі бұршақ араласқан жаңбыр Түркістан облысының кейбір аудан-қалаларында да жауғанын, тіпті кей аймақтарда жарық өшіп, ағаштар құлағанын атап өтті.