$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Тобыл өңіріндегі танымал кәсіпкерге елден шығуға шектеу қойылды

AstanaTV
04.04.2016ж. 20:00
Тобыл өңіріндегі танымал кәсіпкерге елден шығуға шектеу қойылды

Олигарх Розиновтың «шетелге шығуға салынған тиым алынып тасталсын» деген мағынада жазған шағымы қаралмайтын болды. Бүгін аталған мәселе бойынша процесс Қостанай қалалық сотында өткен. Судья Мұрат Адам мұндай шешімге «шағымға Розиновтың өзі қол қоймауы себеп» болғанын айтты.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер құрылтайшысы болып табылатын «Пешков астық қабылдау кәсіпорыны» серіктестігі Қазақстанның астық компаниясына 68 миллион теңге қарыз болған. Ауданаралық экономикалық сот ол қарызды қайтаруды міндеттеген еді. Бірақ борышкер қарызын қайтаруға асықпай отыр.

Ирина Тусова, «Қазақстанның  астық  компаниясы » ЖШС  өкілі:

Өткен жылы «Қазақстанның астық компаниясы» серіктестігі «Пешков ХПП» серіктестігінің қоймасынан астық алмақ болады. Бірақ бидайды вагонға  тиеп жатқанда, өнімнің сапасы өте нашар екендігі анықталды. Келісім бойынша бізге 3 сыныпты бидай  берілуі тиіс еді. Ал олар 3 сыныптың орнына 5 сыныптың сапасыз өнімін тиеп жіберген.

Заңғар САНАЙ