Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қазақстандықтар Конституция күнінде қалай демалады?

AstanaTV
28.08.2023ж. 15:44
900
Қазақстандықтар Конституция күнінде қалай демалады?

Қазақстанда 30 тамыз Конституция күні ретінде атап өтіледі. Бұл күн мемлекеттік мереке саналады, сондықтан бұл демалыс жарияланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл ол 30 тамыз, сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл айда тоғыз демалыс күн бар. Осылайша, Конституция күні тамыз бен жаздың соңғы демалыс күні болады. Бейсенбі, 31 тамыз және жұма, 1 қыркүйек жұмыс күндері болады.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Конституция күні жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі. 1995 жылы осы күні жалпыұлттық референдумда тәуелсіз Қазақстанның басты заңы қабылданды. Конституцияға кейінгі өзгерістер мен толықтырулар 1998, 2007 және 2022 жылдары енгізілді.

Алматыда мереке қалай тойланады?

Алматыда мерекелік концерт 29 тамызда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады: "МузАрт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Доғалова, Hey Monro және т. б.

Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сондай-ақ, 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.

Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11:00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді.

Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы, 347/4) өтеді.

Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді.

Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді.

Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында өтеді. Аудандық мереке туды салтанатты түрде шығаруды, әнұранды орындауды, 16 жастағы азаматтарға жеке куәліктерді табыстауды, ұтыс ойындары мен конкурстарды, сондай-ақ ашық аспан астында кино көрсетуді қамтиды.

Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19:00-де "Гүлдер" саябағында, Серіков көшесі, 2а.

Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді.

Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді.