Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері есірткі заттарының таралуының жолын кесті

28.08.2023ж. 20:00
476
«Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері есірткі заттарының таралуының жолын кесті

Қызылжарлық жастар есірткіге қарсы! «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері зиянды заттардың таралуының жолын кесті. Олар полицейлермен бірлесіп, көшедегі есірткі жарнамаларын өшірді. Белсенді топ вокзал маңындағы үйлердің қасбетін тексеріп шықты. Акция нәтижесінде 30 заңсыз жарнама жойылды. Айта кету керек, жыл басынан бері осындай 67 жазба өшірілген.

Біржан ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Қоғам белсенділерімен, қалалық мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Бұл біздің осы жылғы бойынша алтыншы немесе жетінші іс шарамыз. Әрі қарай бұл іс шара жалғаса беретін болады