Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ұлытау облысында цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

28.08.2023ж. 20:00
695
Ұлытау облысында цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Жезқазғандықтар құжаттарын бірнеше минутта рәсімдей алады. Қалада халыққа қызмет көрсететін жаңа цифрлық кеңсе ашылғалы осындай мүмкіндік туды. Мұнда тұрғындар 1300 ден астам мемлекеттік қызмет түрін ала алады.

Өзіне өзі қызмет көрсету – халыққа ең танымал сектор. Анықтамаларды кеңесшінің көмегімен телефон арқылы әп- сәтте алуға болады. Бұдан басқа жылдамдық, жайлылық, нәтиже, жеңілдік терезесі секілді 10 сектор бар. Оларды бір сәтте жылдам, әрі сапалы қызмет көрсетіледі. Былтыр Жезқазғанда жалғыз ғана халыққа қызмет көрсету орталығы болған. Онда автокөлік иелері де құжат рәсімдеп келді. Салдарынан жұрт кезек күтіп сандалатын. Қазір 2 қабатты цифрлық кеңседе халыққа жайлы жағдай жасалған.

Салтанат СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бізде облыс ашылғалы бері осы жаңа кеңседе қабылдау терезелері қосылды. Он қабылдау терезелері бар. Халыққа тез, әрі жылдам қызмет көрсетеміз. Қазіргі таңда мемлекеттік реестоге сәйкес біздің бөлім 1345 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. «Кайдзен» стандарты қағидаларына сәйкес негізделген, бұл жерде жаңағы ең басты принциптарының бірі тұтынушыны қанағаттандыру.

«Кайдзен» - жапон философиясы, аз-аздан, үздіксіз дамыту, «жақсарту» дегенді білдіреді. Цифрлық орталықта осы қағидаға сай әр терезе түрлі ашық түстермен оқшауланған. Мысалы, әлеуметтік сала- қызғылт, жылдамдық- сары, жайлылық көк, құжаттарды ал аймағы жасыл түске боялған. Кеңесші тұтынушыға қажет анықтама мен құжат түріне қарай тиісті секторға жібереді. Мұның барлығы келушілердің көңіл күйін түсірмеуді, әрі мамандардың имиджін көтеріп жалпы электрондық үкіметтің беделін түсірмеуді көздейді.

Айнұр СӘКЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен балаларымды балабақшаға кезекке тұрғызуға келдім. Келгенім қазір. Алдымда бір-екі адам бар. Алдында да келген болатынмын. Қазір бұрынғыға қарағанда қазір бәрі электронды, жұмыстардың барлығы тез жасалады. Көп уақытты кетірмейсің, бала емізетін арнайы бөлмелер бар екен ол жағы да тиімді қарастырылған.

Қазіргі таңда цифрлық кеңседе 26 маман жұмыс істейді. Жуықта мүгедек азаматтар 2-ші қабатқа өз бетімен көтеріліп, түсе алатын жеделсаты орнатылмақшы. Оларға жеке терезе қызмет көрсетпек.