Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Ауғанстанда көкнәр өндірісі 50 пайызға артқан

AstanaTV
02.11.2016ж. 20:00
2123
Ауғанстанда көкнәр өндірісі 50 пайызға артқан

Ауғанстаннан келетін есірткі көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік келесім шарт ұйымының отырысында айтылды. Өйткені Ауғанстанда есірткі өндірісі 50 пайызға дейін артқан.

Ұйымның есірткі бизнесімен күресуші құрылымдары Ауған жерінен келетін көкнәрдің жолын бөгеу жұмыстары жемісті болмай тұрғанын айтып отыр. Бірақ наркотикалық заттардың жолын кесу жұмыстары күшейген. Бірақ ол спайс, үнді көкнәрі сынды синтетикалық есірткі заттарының көп таралуына әкелген. Ұйымның бірлескен күресінің арқасында жыл сайын Қазақстанның өзінде 30 тонна есірткі тәркіленеді. Оның 150 келісі - героин.

Игорь Зубов, РФ Ішкі істер министрінің орынбасары:

Биыл Ауғанстанда көкнәрдің өсуі 50 пайызға артқан. Біз бұл жағдайға бей-жай қарай алмасымыз анық. Демек, әлемде осы затқа сұраныс бар деген сөз. Ал Ауғанстандағы қазіргі жағдай өздеріңізге мәлім, сондықтан өз кезегінде бұл да криминалды бизнес болып отыр. Сондықтан бұған біз бірлесіп тойтарыс беруіміз керек. 

Дауренбек БАҚДАУЛЕТ