Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Астанадағы Сығанақ көшесінде қозғалыс үш ай жабық болады

AstanaTV
29.08.2023ж. 14:41
996
Астанадағы Сығанақ көшесінде қозғалыс үш ай жабық болады

LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында монолитті темірбетон балкалары орнатылып жатыр. Бұл туралы "City Transportation Systems" ЖШС хабарлады,-деп жазады Zakon.kz.

"Осыған байланысты 29 тамыздан бастап Сығанақ көшесіндегі "Номад" ТК-дан Ақмешіт көшесіне дейін (Еуропа палас ТК) оңтүстік жағымен (көпірге қарай бағыт) қозғалыс шектеледі. Бұл ретте Сығанақ көшесін Сауран және Ақмешіт көшелерімен кесіп өтуге болады. Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін",-делінген хабарламада. 

 Көрсетілген шектеулер бойынша осы учаскеде өтетін қоғамдық көлік қозғалысында өзгерістер болмайды.