$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қарағандыда балалардың улану себебі неге әлі күнге дейін айтылмай отыр

AstanaTV
29.08.2023ж. 17:26
1778
Қарағандыда балалардың улану себебі неге әлі күнге дейін айтылмай отыр

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында уланған бес бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, зертханалық зерттеулер әр түрлі кезеңдерде жалғасып жатыр. Бір-екі айға созылатын зерттеулер бар.

Сондай-ақ, Бас прокуратураның тексеру қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Мұнда жұқпалы аурулар нұсқасы алынып тасталды. Балалардың барлық биологиялық материалдары неден уланғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

«Балалар толық ем алып жатыр. Оларды дәрігерлер улы заттан туындаған аурулар туралы хаттамамен емдейді. Барлық республикалық үздік мамандар оларға күн сайын кеңес береді, қажет болса сол жерге барады. Неліктен біз балаларды бірден республикалық деңгейге жеткізбедік, өйткені тасымалдау олардың жағдайын нашарлатады. Балалар әлі аппаратта жатыр. Қазір екі бала ӨЖЖ аппаратынан алынып, неврологиялық бөлімшеге ауыстырылуда», - деп толықтырды Ажар Ғиният.