Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Қаптаған тарақандар мен жәндіктер»: студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

AstanaTV
29.08.2023ж. 22:38
1353
«Қаптаған тарақандар мен жәндіктер»: студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Тексеріс барысында 389 жатақхана қамтылды.

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты 14 тамыздан бастап еліміз бойынша жаппай студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізуді бастап кетті. Мониторинг барысында жедел желіге келіп түскен студенттердің арыз-шағымдарына сүйенсек, жағдай адам шошырлық, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл туралы «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтіктік желідегі парақшасында жариялады.

«Студенттер үшін жатақхана мәселесі өтініштер мен шағымдарға арналған бойынша жедел желіні іске қосқан болатынбыз. Еліміздің әр аймағынан өтініштер келіп түсуде. Желіге келіп жатқан арыз-шағымдардың ішінде, мойындау керек, адам шошырлық жағдайда тұруға мәжбүр жатақханаларды кездестірдік. Соның ішінде, «Астана Медициналық Университетінің» студенттерінен жедел желіге, жеке өзіме де шағымдар көп келуде. Осыған байланысты, бүгін қайта мониторинг жүргізуді жөн көрдік.
Рейдте байқағанымыз, санитарлық-гигиеналық нормалар сақталмаған, оқу залында үстелдердің жетіспеушілігі, 2 адам тұратын бөлмеде 4 студентті қоныстандырған фактілері бар. Адам тұратын ғимаратта қаптаған тарақандар мен жәндіктер бөлек әңгіме. Дәл осы жатақхананың тұрғындарымен тілдесіп, тіпті бір қабатта қыздар мен жігіттердің араласып тұратындығын естідік. Осы сынды өзге де жаға ұстатарлық жағдайлар кездесті. Сол себептен, дәл осы университеттің жатақханасы бойынша мәселе шешілмегенге дейін біздің қатаң бақылауымызда болады»,- деп айтып өтті Нұржан Жетпісбаев.


Қазіргі таңда «Жастар Рухы» Жастар қанаты мүшелері мониторинг бойынша жалпы 389, оның ішінде 149 ЖОО-лардағы, 240 ТжКБ-лардағы студенттер үйін қамтыды.

«Ауруын жасырған өледі» деген орынды сөз бар. Кездесіп жатқан олқылықтарға көз жұмбай, бәрін қаз-қалпында, ашық айтуға студенттерді, жастарды шақырамыз. Мәселені нақтылап, көзбен көріп, тиісті орынға хаттамалар жолдап, керек болған жағдайда партия жанындағы республикалық Жастарды қолдау кеңесінде көтеруге дайынбыз»,- деп Жастар қанатының төрағасы өз парақшасында атап өтті.