$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына 7 мыңнан астам тұрғын жүгінген

29.08.2023ж. 20:00
843
«AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына 7 мыңнан астам тұрғын жүгінген

Биыл Елордада 20 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы "AMANAT" партиясы Астана қалалық филиалының есеп беру конференциясында айтылды. Бұл үшін қалада алты инвестициялық жоба іске аспақ. Олар партияның сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына енгізілген. Сондай-ақ, 100 көппәтерлі үй жөндеуден өтеді. Жыл сайын жастарға арналған 500 пәтер сатып алу жоспарға енгізілген. Есепті кезеңде партияның елордалық филиалына 7 мыңнан астам азамат жүгінген. Олардың сұрақтарының жартысынан көбі өз шешімін тапқан.

Сақтаған СӘДУАҚАСОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Есепті кезеңде партиялық барлық жобалар жұмыс жалғасты. Мәселен "Бақытты отбасы", "Ардагерлерді ардақтайық", "Кедергісіз келешек", "Ұлттық мұра". Бірінші кезекте көп балалы аз қамтылған отбасыларды ақсақалдар өкілдерін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әсіресе қолдау қажет ететін халық топтарына негізделген.

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Былтыр референдумда ҚР сайлауында біздің партияластар әсіресе бастауыш ұйымдары өте белсенді жұмыс жасады. Енді кешегі сайлауға дейін біз билік партиясы болсақ, бүгін біз билеуші партиямыз деп айтуға болады. Неге десеніз Президентімізге тұңғыш рет партиямыз Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды. Яғни үкімет мүшелерімен біз партияластар жеңісіне де жемісіне де жеңілісіне де бірдей тең жауап беруіміз керек.