Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Елордада «JOLTAP» әлеуметтік жобасы іске қосылды

29.08.2023ж. 20:00
780
Елордада «JOLTAP» әлеуметтік жобасы іске қосылды

Елордада «JOLTAP» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттері іске қосылды. Онда мамандар қала тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар мен бос жұмыс орындары бойынша тегін кеңес береді. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

«JOLTAP» әлеуметтік жобасына қаланың кез-келген тұрғыны қатыса алады. Онда бос жұмыс орындарына ғана қатысты емес, сондай-ақ цифрлық дағдыларды игеру мүмкіндіктері бойынша да тегін кеңес ала алады. Жоғары білімі болуы маңызды емес. Бастысы, ынтаңыз болса жеткілікті. Өйткені орталық жоба қатысушыларын қысқа мерзімді оқуға жібереді. Сол арқылы тұрғындар арнайы сертификаттар алып, өзге мамандықтарды игеруге мүмкіндік алады.

Айдана ТҮЛЕУБАЕВА, "БАРШАҒА МҮМКІНДІК" МОДУЛЬДІК ПУНКТІНІҢ КЕҢЕС БЕРУШІСІ:

 Бұл жобаның басты мақсаты мемлекеттік бағдарламалар бойынша халыққа қызмет көрсету тегін және де жұмыссыз жүрген адамдарға жұмыс табу және де бірнеше мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға жолдама береміз.

Модульдік пункттер елорда тұрғындары үшін күн сайын сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін қызмет

көрсетеді. Жобаның мақсаты халықтың табысы өсуі үшін барлық мүмкіндіктерді таңдауға көмек көрсету болып табылады. Тіпті бизнес ашқысы келетін жандарға да жеңілдетілген несие алу бойынша бағыт береді.

Әсел ЕРКЕШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Орталыққа келдім, көрдім, қыздарға рақмет барлығын таныстырды. Жұмыссыздарға үлкен мүмкіндік.

"Баршаға мүмкіндік" модульдік пунктері әзірге қаланың 5 жерінде қызмет көрсетеді. Олар республика даңғылы 34, Қорғалжын тас жолы 2, Абылай хан даңғылы 31 және Қабанбай батыр даңғылы 21 мен Ш.Уәлиханов көшесі 24 мекен жайларда орналасқан. Егер орталыққа келуге мүмкіндік болмаған жағдайда "Жұмыс тап" жобасы телеграм-боты іске қосылған. Онда барлық жұмыс бойынша мамандықтар қамтылған.