$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Инфрақұрылым тапшылығы Ұлттық спортты дамытуға кедергі келтіруде

29.08.2023ж. 20:00
765
Инфрақұрылым тапшылығы Ұлттық спортты дамытуға кедергі келтіруде

Еліміз тұңғыш рет ұлттық спорттан журналистер арасында «АLAMAN» халықаралық медиа байқауы өтеді. Сайыс 1 қыркүйекпен 1 наурыз аралығында жоспарланған. Жарысқа отандық журналистер, авторлар және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. Басқосуда ұлттық спортты дамытудағы негізгі мәселелер сөз болды.

Кездесу барысында қауымдастықтың бір жылда атқарған жұмысы мен алдағы жоспарлары талқыланды. Жасыратыны жоқ, ұлттық спортты дамытуда кедергілер жетерлік. Спорттық инфрақұрылымдар, маман даярлайтын орталықтар тапшы. Осындай халықаралық байқау өткізу арқылы дәстүрлі ойындарды дәріптейміз. Өзгелердің қызығушылық оятамыз.

Исламбек САЛЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Көшпенділер ойындары жылдан-жылға қанатын кеңге жайып дамуда. Мәселен, 2014 жылы бұл жарысқа 19 мемлекеттен 583 спортшы қатысты. Ал, төртінші ойын 2022 жылы Түркияда өткен ойындарға 102 мемлекеттен 3000 спортшы қатысты. Ал, келесі жылы елімізде өтетін шараға әлемнің 100-ден аса елінен 3000 - нан аса спортшы, 15 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп жоспарлануда.

Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына көкпар, бәйге, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, садақ ату, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ секілді 9 федерация кіреді. Соңғы бір жылда 12 халықаралық жарыстан спортшыларымыз 39 алтын, 27 күміс, 29 қола медаль иеленген. Ұлттық спорттың кенжелеп тұруының басты себебі көзқарастың қалыптаспауында.

Кемелбек ОЙШЫБАЕВ, ҰЛТТЫҚ МЕДИА БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ұлттық спорт түрлерің тек қана спорт ретінде қарамай және ұлттық құндылықтарымыз ретінде қарауымыз керек деп санаймын. +Спортқа құндылықтарымызға жақындатып бірге зерттеп жалғастырса онда әрине менің ойымша бұл спорт түрлеріне басқа көз қараспен қарауға болады. Ұлттық құндылығымыз ретінде.

Серік АБАС-ШАХ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Біздің басымызды біріктіретін тек ғана жылына бір мәрте болатын концерт немесе Головкиннің төбелесі ғана болмау керек деп ойлаймын. Бізді біріктіретін осындай ұлттық спорт түрлері болу керек. Біз көкпарға барған кезде тақымымызды қысып ұрандап отыруымыз керек.

Ұлттық спорт десе делебеміз қозады. Өйткені, қанымызда бар қасиет. Ал оны дамыту үшін жастар осы спортқа келуі қажет. Қызығушылықты арттыру үшін инфрақұрылым мәселесін шешу керек.