Алматыда қайта құру нәтижесінде студенттерге арналған тағы бір жатақхана ашылады. Қазір ондағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алматы технологиялық университетінің №5 жатақханасы үш жүз студентке арналған. «Бұл білім алушылар үшін төсек – орын тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі», - дейді Жоғарғы оқу орнының басшылығы. Нысанның ашылуы 31 тамызға жоспарланған. Мәжіліс депутаттары жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«AMANAT» партиясының жанында, біздің жол картамыздың аясында бүкіл еліміз бойынша 10 мыңға жуық жатақханада орын беру жоспарлап отырмыз. Жана ғана біз Алматы технологиялық университеті және Сәтпаев университетінің жатақханаларын көрдік. Бұл жатақханалардың барлығы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарамасының аясында іске қосылып жатқан нысандар.