Қызылордада ауласына есірткі еккен қала тұрғыны өз еркімен полицияға берілді.
Ол өзінің жаза басқанын мойындайды. Алғашында есірткі егу қылмыс екенін білгенімен, жауапкершілікті аса сезінбедім дейді. Алайда оның бұл әрекетін 23 тамыз күні полицейлер әшкерелеген. Сол сәтте қорыққанымнан қашып кеткенін айтады. Бір аптаға жуық жан-жақта бас сауғалап жүрген көрінеді. Соңында өзінің қателігін түсініп,істеген ісін мойнымен көтеруді жөн санаған.
Талғат МЫРЗАБЕКОВ, КҮДІКТІ:
- Шейттей бала-шаға бар, басқа ешқандай қашатын нәрсем жоқ. Өзім мойындап осы келіп отырмын. Өзім сондай өкініп отырмын. Шынымен, дәл мұндайға шабады деп ойлаған жоқпын. Арнайылап бір егіп, баптар бір әдейілеп әрекет жасағн жоқпын. Үйдің бәрі ашық жан-жағы.
Қазір күдікті қамауға алынды. Полиция басқармасының мәліметінше, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ:
- Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды. Яғни «өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді сора егу» дерегі бойынша іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.