Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қазақстандық футболшылар "Барселона" аңыздарына қарсы өткен ойынға қатысты

AstanaTV
31.08.2023ж. 08:54
790
Қазақстандық футболшылар "Барселона" аңыздарына қарсы өткен ойынға қатысты

Қырғыз елінің астанасы Бішкекте футболдан ерекше жолдастық ойын өтті. "Барселона" футбол клубының аты аңызға айналған ойыншыларына қарсы Азия футболының атақтылары алаңға шықты. Азия құрамасы қатарында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та ойнады, деп жазды  massaget.kz.

"Спартак" стадионында өткен ойынға жанкүйерлер көптеп жиналды. Себебі алаңға Карлес Пуйоль, Ривалдо, Хавьер Савиола, Эдгард Давидс, Людовик Жюли, Хуан Пабло Сорин сынды танымал ардагер футболшылар шықты. 

Азия аңыздары құрамында қазақстандық ардагер футболшылардан Самат Смақов, Андрей Карпович және Давид Лория өнер көрсетті. 

Ойында 3:0 есебімен каталондық клубтың аңыз ойыншылары жеңіске жетті. Ривалдо, Эдгар Давидс және Хавьер Савиола өз еншілеріне бір-бір голдан жазып қайтты. 

Ойын қырғыз жеріндегі "Барселона" клубының академиясының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылды.