Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

"Жолда абай болайық": Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырағанын айтты

AstanaTV
31.08.2023ж. 10:37
630
"Жолда абай болайық": Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырағанын айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырағанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілікті жолда абай болуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін жол апатына ұшырадық. Соған қарамастан, жұмыста күлімсіреп жүруге тура келеді. Аллаға шүкір, бәріміз аманбыз. Жолда абай болайық", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мөлдір Әуелбекова намазға жығылуына кім себепші болғанын ашып айтқан болатын.

"Әкем маған осы жайлы көбірек айта бастаған кезде, Алла маған сондай ой салды. Бір күні өзімнен-өзім отырдым да, әкеме "Әке, сізге уәде берем. Қалай тұрмысқа шығамын, сол кезде бірден намазға жығыламын" дедім. Мен желтоқсан айында тұрмысқа шықтым. Ал қаңтардың ең бірінші аптасында намазға жығылдым... Уәдемде тұрдым да, намазға жығылдым. Алланың қалауымен, намазға келуіме әкем себепші болды", - деген болатын Әуелбекова видеода.