Қарағанды
облысы Шет ауданындағы төменгі Нарбақ су қоймасында бөгет жарылып, ағын су
Қызылорда-Павлодар бағытындағы республикалық тас жолды шайып кетті.
Облыстық
төтенше жағдайлар қызметі таратқан хабарламаға сай, биіктігі 70 сантиметрге
жеткен селден жолдың шеті үгітілген. Ағысы қатты судың екпінін қайтару үшін, арнайы қазылған арықтарға бұру жұмыстары жүргізілді. Осыдан соң қауіп
бәсеңдеген.
Нарбақтан тасыған су қазір Жаңарқа ауданындағы Бидайық тоғанына
құйылып жатыр. Мамандар бұл аумақта қауіпсіздік
бекетін тұрғызды. Кешке қарай тас жолдағы көлік қозғалысы бір бағытта ғана
жүргізіліп, жағдай бақылауға алынған. Елді мекендерге төнген қауіпті сейілту
үшін, Нарбақ су қоймасы маңында 40-тан астам адам және 15 арнайы техника жұмыс
істеуде.
Айжан ҚУАШ