Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Криштиану Роналду ұлттық чемпионатта гол соғу жөнінен әлемдік рекорд орнатты

AstanaTV
31.08.2023ж. 10:52
1056
Криштиану Роналду ұлттық чемпионатта гол соғу жөнінен әлемдік рекорд орнатты

Португалия мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық лигада гол соғу жөнінен әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясынан (IIFHS) мәлім еткеніндей, Роналду «Аль-Шабаб» командасымен өткен матчта қос голдың авторы атанды.

Осылайша, ол ұлттық чемпионаттардағы 516-ыншы және 517-голдарын соғып, аустриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицан мен мажарстандық Ференц Пушкашты басып озды. Олар 515-тен гол соғып, ұзақ уақыт бойы рекордты ұстап тұрған еді.

Бұл рейтингте аймақтық лигаларда соғылған голдар есептелмейді. Сондықтан Пеле, Ромарио сияқты сұрмергендер тізімде жоқ.

Жуырда 500 гол енгізген үш ойыншының (Роналду, Пушкаш, Бицан) қатарына аргентиналық Лионель Месси кіруі әбден ықтимал. Оның есебінде 496 доп бар.

Роналду Португалия біріншілігінде – 3, Испанияда – 311, ағылшын премьер-лигасында – 103, Италияда – 81, Сауд Арабиясында 19 голдың авторы атанды.