Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда "Ботай-ұлы дала мәдениеті" атты екінші халықаралық симпозиумының көрмесі өтті

31.08.2023ж. 20:00
468
Қызылжарда "Ботай-ұлы дала мәдениеті" атты екінші халықаралық симпозиумының көрмесі өтті

Қызылжарда "Ботай-ұлы дала мәдениеті" атты екінші халықаралық симпозуымының көрмесі өтті. 20 елден келген суретшілер шығармашылыққа ерік беріп, 10 күн бойы теріскей жерін суреттеді. Қылқалам шеберлерінің Қазақстаннан қандай әсер алғанын аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин жеткізеді.

Қызылжар арт орталығында халықаралық симпозумның қорытындысы шықты. Солтүстік Америка, Африка, Еуропа мен Азияның үздік суретшілері Ботай жерінде 10 күн саяхаттап, ұзын саны 120 сурет салған.

Франк ХАНТАН, БЕНИН ЕЛІНІҢ СУРЕТШІСІ:

мен өз суреттерімде адам мен табиғаттың байланысын көрсетуге тырыстым. Мәселен, дала қыраны тәуелсіздіктің нышаны болып саналады. Ол Еуразияның қақ ортасында қанатын кеңге жайып ұшады. Ал жылқы дала мәдениетінің қалыптасқанын көрсетеді. Мұның бәрін мен осы қазақ даласында көрдім.

Жылқы адамзатттың тарихында алғаш рет Ботай мәдениетінде қолға үйретілген. Ботайлықтар асауды ауыздықтап қана қоймай, сүтінен қымыз жасап, етін ұзақ сақтауға үйренген. Румыния суретшісі Рарес Керекес Қызылжар жерінде шығармашылық шабыт алғанын айтады. Қылқалам шебері азғантай уақыттың ішінде бақандай 12 сурет салып тастаған.

Рарес КЕРЕКЕС, РУМЫНИЯ СУРЕТШІСІ:

Мен Ботай жерінде керемет энергияға ие болдым. Содан да болар бірден 12 бейнені қағаз бетіне түсірдім. Өз суреттерімде Азия мен Еуропаның мәдениетін біріктіруге тырыстым. Мен соңғы.

Көрмені облыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілері де тамашалады. Суретшілер балаларға шеберлік сағатын өткізіп, қылқалам шеберлігіне баулыды.

Сабрина КОМАРОВСКАЯ, БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ:

Мен кәсіби суретшілермен бірге сурет салып көрдім. Бұдан үлкен әсер алдым. Әсіресе пейзаж салу қызық болды. Балалардың біразы енді бұл салаға ден қоюға бекініп отыр.

Ауқымды көрме желтоқсан айына дейін жалғаспақ. Артынша симпозиумды ұйымдастыруға атсалысқан Жаса қоры аукцион өткізбекші. Одан жиналған қаражат балалар үйіне бағытталмақ.