Алматы облысында алғаш рет “Бірлік" халықаралық лагері ашылды. Биыл лагерь 10-рет ұйымдастырылып отыр. Оған Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан жастары, қоғам белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
"Бірлік" халықаралық лагеріне 70-тен астам жас жиналып, түрлі тренинг пен шеберлік сағаттарына қатысты. Мақсат-жастардың достық байланысын жетілдіріп, мәдени құндылықтарды бойына сіңіруге жәрдемдесу.
Ғалым ШОЙКИН, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Олар өз саласының мамандары деуге болады,өзінің этнос өкілдерінің ішінде беделі бар азаматтар. Сондықтан біздің мақсатымыз жаңағы жастарды тарта отырып, олардың жұмысын әрі қарай ілгерілету, дамыту әсіресе осы мына бірлік, азаматтық, бірегейлік сондай жақсы құндылықтарды дамыту және олардың осы жұмыстарында біздің өзіміздің бағыттарымызды береміз.
Биылғы форумның ерекшелігі- лагерьге Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстаннан қандас бауырлар шақырылды. Туған жерге табан тіреген олар ұйымдастырушыларға ыстық лебіздерін білдірді.
Наргиза СЕРІКОВА, "БІРЛІК" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛАГЕРІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:
Қазір студентпін, қазақ тілі және әдебиет мамандығында оқимын. Өзім Өзбекстанда болсам да, сол жерде де өзіміздің тілімізде, біздің өзіміздің болашақ ұрпақтарымызды өз ана тілімізде тәрбиелеуге көптеген мүмкіндіктер жаратылған. Қазақстанға бұл менің 3-ші рет оралуым, бұдан кейін де көбірек келуді қалаймыз. Бізде жан-жақтан келген қазақ жастары бар, және менің ең қуанғаным барлығы өз ана тілдерін ұмытпаған, еркін сөйлер жатыр.
Бірлік халқаралық лагері 4 күнге жоспарланған. «Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды имидждік ілгерілету, әлеуметтік желілердегі жастар», «Жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылда өңірлік жұмысты дамыту», «Қазақстанның мәдени брендін ілгерілету» тақырыптары бойынша отырыстар мен пікірталас өтті. «Форумнан алған ақпарат пен білімді өз өңірлерімізге барып, әрі қарай жетілдіріп, жастарға таратамыз»-дейді қатысушылар.