Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Денис Уланов Олимпиада жүлдесіне берілетін сыйақысын алды

AstanaTV
31.08.2023ж. 23:39
1267
Денис Уланов Олимпиада жүлдесіне берілетін сыйақысын алды

Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Уланов өзіне тиесілі сыйақыны алды. Бұл туралы Қазақстанның спортшылар одағы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Денис Уланов Рио Олимиадасында төртінші орынға табан тіреген. Алайда араға жылдар салып сол ойында қола жүлдегер атанған румыниялық Габриэль Сынкрэян допингпен ұсталды. Осыдан соң қола медаль автоматты түрде қазақстандық ауыр атлетке өткен еді. Бірақ Мәдениет және спорт министрлігі Олимпиаданың қола жүлдегеріне беретін сыйақыны Улановқа табыстаудан бас тартты. Кейін спортшы министрлікпен соттасып, жеңіп шыққан болатын. Қазақстан спортшылар одағының өкілі Азамат Қарлығашев қуанышты жаңалықты хабарлап, Денис Улановтың өзіне тиесілі сыйақыны алғанын жеткізді. Айта кетелік, Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері 75 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды.