Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Чемпиондар лигасының жаңа маусымдағы жеребесі тартылды

AstanaTV
01.09.2023ж. 07:18
521
Чемпиондар лигасының жаңа маусымдағы жеребесі тартылды

Швейцарияда UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Алдағы маусымда бір топта ойнайтын командалар анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жеребе тарту рәсімінде 32 команда сегіз топқа бөлінді. Командалар алдын ала төрт себетке топтасты. Әрбір топта сынға түсетін клубтар сол арқылы анықталды.

Топқа бөлінген командалар: А тобы: "Бавария" (Мюнхен, Германия), "Манчестер Юнайтед" (Англия), "Копенгаген" (Дания), "Галатасарай" (Түркия);

В тобы: "Севилья" (Испания), "Арсенал" (Англия), ПСВ (Нидерланды), "Ланс" (Франция);

С тобы: "Наполи" (Италия), "Реал" (Мадрид, Испания), "Брага" (Португалия), "Унион" (Берлин, Германия);

D тобы: "Бенфика" (Португалия), "Интер" (Италия), "Ред Булл Зальцбург" (Австрия), "Реал Сосьедад" (Испания);

Е тобы: "Фейеноорд" (Нидерланд), "Атлетико" (Мадрид, Испания), "Селтик" (Шотландия), "Лацио" (Италия)

F тобы: ПСЖ (Франция), "Боруссия" (Дортмунд, Германия), "Милан" (Италия), "Ньюкасл" (Англия);

G тобы: "Манчестер Сити" (Англия), "РБ Лейпциг" (Германия), "Црвена Звезда" (Сербия), "Янг Бойз" (Швейцария);

Н тобы: "Барселона" (Испания), "Порту" (Португалия), "Шахтер" (Донецк, Украина), "Антверпен" (Бельгия);