Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ерке Есмахан, Жанар Дұғалова, келесі кім?

AstanaTV
01.09.2023ж. 10:06
593
Ерке Есмахан, Жанар Дұғалова, келесі кім?

2023 жылы наурызда күйеуге шыққан танымал әнші Жанар Дұғалованың аяғы ауыр екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Жанар Дұғалованың Алматыда Республика сарайының алдында өнер көрсеткен видеосы тарады. Видеодан әншінің аяғы ауыр екенін анық көруге болады.

Бұған елең еткен желідегі қауым: "Ерке Есмахан, Жанар Дұғалова, келесі кім" деген сұрақты талқыға салды. Көбісі, енді Кәмшат Жолдыбаеваның ана болғанын көргісі келетіндерін жасырмады.

Айта кетсек, белгілі әнші, "Türkvizyon-2014" байқауының жеңімпазы, Кешю тобының бұрынғы солисі Жанар Дұғалованың қыз ұзату тойы 17 наурызда Астанада өткен болатын. Күйеу жігіт - батыс өңірден, есімі - Ілияс.