Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

AstanaTV
01.09.2023ж. 11:05
603
Президент сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 8-шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысып жатыр.

Бірлескен отырысқа Мәжілістің 98 депутатының 97-сі және Сенаттың 50 депутатының 50-і қатысып отыр.