“Бұлбұл құсым” деп шырқаған әнші Нұржан Қалжан көпшілікке отбасын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әншінің келіншегімен және қызымен түскен суретін отандық тележүргізуші Анна Данченко өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Нұржан Қалжан “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасына түсті. Аталмыш жобада отандық шоу-бизнес өкілдері баспанасын көрсетіп, отбасымен таныстырады.
“Ал, Биссмилляh деп, “Жұлдызды шаңырақта” жобасының жаңа маусымын бастадық. Нұржан Қалжан алғаш рет отбасымен таныстырды”, – деп жазды Анна Данченко.
Желідегі суреттерден әншінің жұбайы Ақмарал мен қызын көруге болады.