Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығады

AstanaTV
01.09.2023ж. 17:21
698
Qorqyt ata коллекциялық монеталары айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Дала қазынасы» сериясынан QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банк сайтына сілтеме жасап.

Монеталар 4 қыркүйектен бастап ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады.

Қорқыт ата – қобыз атасы деп танылады, жыршы, музыкант әрі композитор. Аңыз бойынша, Қорқыт Сырдария даласынан шыққан және VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» мемориалдық кешені салынды. Мәдени мұра ретінде ресми түрде ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп, 2018 жылғы 28 қарашадан бастап мемлекеттің қорғауына алынды.

QORQYT ATA монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Массасы – 24 грамм, диаметрі – 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 (бес мың) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Еліміздің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.