$537.91 €628.87 ₽6.6
×

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ төрт бөлім қысқарды. Жаңартылған құрылым лауазымына Президент Әкімшілігінің Басшысы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы; Президент Кеңсесінің Бастығы; Президенттің көмекшілері; Кеңесшілері және Президент Әкімшілігінің бөлімдері кіреді. Қол қойылған Жарлыққа сәйкес: – ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша; – экономикалық мәселелер бойынша; – халықаралық мәселелер бойынша; – құқықтық мәселелер бойынша; және – ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ:

Президент Әкімшілігінің Басшысы

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

Президент Кеңсесінің Бастығы

Президенттің көмекшілері

Президенттің кеңесшілері

Президент Әкімшілігінің бөлімдері

 ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІЛЕРІ:

Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша

Экономикалық мәселелер бойынша

Халықаралық мәселелер бойынша

Құқықтық мәселелер бойынша

Ғылым және инновация мәселелері бойынша